Елордалық балалар Мәскеуде биден өткен ашық кубокта жеңіске жетті

29 Наурыз 2023, 19:55 3713

Астаналық Латкен Аляуддин мен Айманбетова Томирис Мәскеуде өткен «спорттық би тарихы» бойынша Ресей би Одағының ашық кубогында бірінші орын алды. Балалар би жұбы «Ювеналы-2» және «Латина» номинациялары бойынша сынға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеке бапкерінің айтуынша аталмыш жарыс ағартушылық және тәрбиелік маңызы зор спорттық іс-шара аясында өтті.

Бишілерді сәтті дебютімен құттықтаймын. Бұл жұп екі санат бойынша сайысқа түсіп жеңіс тұғырынан көрінді. Қазіргі таңда балалар Астана қаласындағы екі би клубын, яғни «Bravos» және «Амоre Vita» ұсынып жүр. Турнир барысында би аңыздары, көрнекті бишілер мен осы спорт түрінің қайраткерлері туралы айтылды. Алдағы жоспарымыз — осы жылдың сәуір айында Блэкпул (Лондон, Англия) турниріне қатысып, жүлделі орындарға ие болу, — дейді балалар би жұбының  жаттықтырушысы Польских  Владислав.

Айта кетейік, Латкен Аляуддиннің жаңа серіктесі Томирис Айманбетова Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ал Латкен болса әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері мен финалисі.

EL.KZ
Бөлісу: