Астанадағы «Агрогородок» тұрғын алабында, Юбилейная көшесі, 22 ауданында 3500 шаршы метрден асатын жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абаттандыру аясында жаңа алаңда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын кешендері орнатылып, балаларға үшін қауіпсіз жағдай жасалды. Келушілердің жайлылығы үшін орындықтар, қоқыс жәшіктері мен беседкалар қарастырылған, сонымен қатар әуесқойлар үшін workout-аймақтар жабдықталған.
Кешкі уақытта қауіпсіздік пен жайлылықты 27 жаңа жарықтандыру тіректері қамтамасыз етеді. Көгалдандыруға ерекше назар аударылады: биіктігі 6 метр және 110-нан астам жасыл желек отырғызылды. Оларға күтім жасау үшін жергілікті суару жүйесі орнатылған.
Жаңа қоғамдық бұрыш қараусыз қалған учаскелердің әр тұрғынға қол жетімді абаттандырылған аймақтарға айналуының тағы бір мысалы болды.
Айта кетейік, биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Бұл жұмыстармен қаланың барлық аудандары, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.