Елордалық мектептерге 26 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы барады

12 Тамыз 2022, 10:20 1011

Бүгінде қорда 2,5 млн-нан астам оқулық бар

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн-брифингте биыл бірінші сыныпқа 26 мыңға жуық бала баратынын айтты, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Айта кету керек, осы жылы мектептердің кітапхана қоры қайта басылып шыққан 2-сыныптың оқулықтарымен жаңартылады. Бүгінде қорда 2,5 млн-нан астам оқулық бар.

«Жаңартылған оқулықтардың алғашқы топтамасы 12 тамызда жеткізіледі, беру 15 тамызда басталады. Қазіргі уақытта мектептер 1, 3-9 сыныптарға оқулықтар шығара бастады. Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін елорда оқушыларының 100%-ы оқулықтармен және оқу - әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі», – деді Қасымхан Сенғазыев.

Балалар санының өсуіне байланысты 1 млн. астам кітап сатып алынады.

Бөлісу: