Елордалық ҚХА мүшелері Қарағанды облысының тарихи жерлеріне саяхат жасады

14 Қазан 2019, 15:26 2513

Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Қарағанды облысының тарихи жерлеріне саяхат жасады.


Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық Келісім» КММ басшысының орынбасары Қуаныш Оспанов қонақтарды қарсы алып, Достық үйімен таныстырды. «Қарағанды ​​облысы 100-ден астам этнос өкілдері тұратын Қазақстанның көпэтникалық аймақтарының бірі. 2015 жылдан бастап қалалық Достық үйі қызмет жасап келеді. Облыста өзіндік маңызы бар 23 этномәдени бірлестік бар», - деді Қ.Оспанов.


Әрі қарай елордалық ҚХА мүшелері ғимарат ішін аралап, естелік суретке түсті. Кездесу соңында Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова қарағандылықтарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықты табыс етті.


Кейін Қарағанды қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан Долинка ауылындағы еңбекпен түзеу лагері, яғни, КАРЛАГ-қа саяхат жасалды. Бұл жерде Сталиннің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тұтқындардың еңбегін тегін пайдаланған. Осы азап лагерінің тарихымен мұражайдың экскурсия жетекшісі кеңірек таныстырды.


Одан кейін елордалық ҚХА мүшелері Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік алуы мен ауыр индустрия алыбы – Қазақстан магниткасының құрылу тарихымен танысты.


Бөлісу: