Елордалық ҚХА мүшелері Қарағанды облысының тарихи орындарына танымдық саяхат жасайды

11 Қазан 2019, 11:32 2742

12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Қарағанды облысының тарихи орындарына саяхат жасайды.


Жастар жылы мен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында елордалық этномәдени орталық мүшелері мен ҚХА жастары Қарағанды облысының тарихи-өлкетану орындарына экскурсия жасайды.

Сапар бағыты Қарағанды қаласының Достық үйі, Карлаг еңбекпен түзеу лагері және Теміртау қаласында орналасқан Тұңғыш Президент музейі арқылы өтеді.

Еске салайық, алғашқы экскурсия бір апта бұрын Ақмола облысының тарихи жерлерін аралаудан басталды.


Бөлісу: