Елордалық курсант қыздар ер-азаматтарға би тарту етті

5 Мамыр 2016, 08:10

Қыздардың құттықтауы

Отан қорғаушы күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласындағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының курсант қыздары ер-азаматтарды ерекше тәсілмен құттықтады.

Жүзден аса студент шаффл дэнс стиліндегі Tez Сadey «Seve» әніне танымал биді орындады. Осындай заманауи әдіспен Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет ететін барлық әскери қызметші қыз-келіншектердің атынан жоғары оқу орындардың әскери кафедраларында оқитын қыздар еліміздегі барлық ер-азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері осы әуенге билеп, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық аналарды құттықтаған болатын.

Жалынды құттықтау тек Қазақстанның интернет-пайдаланушыларының ғана үлкен қызығушылығын оятып қана қоймай, шетелдіктерді де тамсандырды. Қазақстан мен шетелдің барлық танымал желілерінен бұл құттықтауды көргендердің саны миллионнан асты. Сонымен қатар көргендердің қатары күннен-күнге артып келеді.

Бұл идеядан шабыттанған қыздар, осыған ұқсас биді жауап ретінде Отан қорғаушы күнін айғақтайтын 7 санының үлгісін келтіре отырып, атышулы флэш-мобты орындады.

 

Бөлісу: