Елордалық гимнастшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды

30 Маусым 2022, 14:45 1188

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады

Бүгін таңғы рейспен Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 17-ші Азия чемпионатында өнер көрсеткен елордалық бұрымдыларды жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Айта кетейік, осы жылдың 23 маусымында Паттайя (Таиланд) қаласында ересектер арасындағы 11-ші Азия чемпионаты және көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы 17-ші Азия чемпионаты өткен болатын.

Қыздардың жетістіктері мен алдағы жарыстары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көркем гимнастика федерациясының атқарушы директоры Жанат Мейрамұлы бөлісті.


– Қорытындылай келе, көркем гимнастика бойынша ҚР бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Юсупованың басшылығымен біздің бұрымдылар түрлі деңгей бойынша жалпы 13 медальге ие болды. Оның алтауы – алтын, бесеуі – күміс және екеуі – қола медаль. Алдағы жоспар – тамыз айында бізде бірнеше ірі жарыстарға шақырту алдық. Яғни қыздарымыз көркем гимнастикадан тамыз айында Түркияда өтетін Ислам ынтымақтастық ойындарына және Румынияда өтетін Әлем кубогына баруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қыркүйекте Болгарияда өтетін әлем чемпионатына да шақырту бар, – деді қалалық көркем гимнастиканың атқарушы директоры Жанат Мусин.


Аталған жарыста 17 елдің шебер қыздары жеке біріншілік және топтық жаттығуларда өнерлерін ортаға салды. Олар: Қазақстан, Таиланд, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Қытай, Малайзия, Шри-Ланка, Үндістан, Сингапур, Филиппин және Гонконг.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста «алтын», жеке бағдарлама мен доп тебуде «алтын», құрсау, шоқпар және лентада үш «күміс», топ ойыншылары көпсайыста және топта екі «алтын», ал доппен жаттығуда «қоланы» жеңіп алды.

Бөлісу: