Елордадан бір түнде 3500-ден астам жүк көлігімен қар шығарылды

Бүгiн, 14:49 144

Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде қар күреу жұмысын тәулік бойы жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа күн сайын 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 6 ақпан күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2627 жол жұмысшысы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ақпанның 5-і мен 6-сына қараған түні елордадан 3 566 рейспен қар полигондарына 51 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері 421 721 ауыр жүк көлігімен қаладан 5,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды, - делінген мәліметте.

Әкімдік жолдарда кептеліс болмас үшін ең алдымен қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылатынын еске салды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: