Елордадан Алматыға жеткен ұшақ қозғалтқышынан құс іздері табылды

27 Тамыз 2022, 13:23 1598

Бұл туралы «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті

Ұшақты тексеру кезінде қозғалтқыштан құстың қалдықтары табылды, деп хабарлайды El.kz

«Бүгін Нұр-Сұлтан -Алматы- KS 9960 рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын тексеру барысында қозғалтқышынан құс іздері табылды. Салдарынан қозғалтқыш қақпағы зақымдалды (майысып қалған)»,- деп хабарлады «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе компания мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Аir Astana» инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.

Бөлісу: