Астанадан 3,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада қар тазалау жұмысы тәулік бойы үздіксіз режимде жүріп жатыр. Күн сайын қар күреу жұмысына 1,5 мыңға дейін жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылады.
20 ақпан күні түстен кейін елорданың көшелерінен, жолдарынан, алаңдары мен тротуарларынан 19 мың текше метрден астам қар немесе 1 577 рейс күрелді.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 268 459 рейс жасалды.