Елордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды

17 Ақпан, 13:48 530

Елордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азамат сатып алушы кейпінде Астанадағы дүкендердің бірінде ұрлық жасауға әрекеттенген. Күндізгі уақытта күдікті сауда орталығына кіріп, сатып алушы ретінде ерлерге арналған аксессуарларды қарай бастаған. Сөмкелердің бірін таңдап, оны пакетке салып, сауда залынан шығып кетпек болған. Алайда оның әрекеті сатушының назарынан тыс қалмады. Күдіктіні байқап қалған сатушы оны тоқтатып, пакетінің ішін көрсетуді сұраған. Осы кезде жігіт қашуға тырысқанымен, сатушы қыз оның артынан жүгіріп, қуып жеткен. Тауарды қайтаруды талап еткенде, күдікті кеңсе пышағын алып, бутиктің қызметкері мен араша түспек болған адамды қорқытқан. Осыдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бірден полицияға хабар берді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да сотталған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: