18 Қыркүйек 2015, 03:53
Көрермендер Қаңбақ шалды оқыған ертегілер бойынша есте сақтаса, басқалары бұл кейіпкерді қуыршақ спектакльдерінен тамашалаған, тағы біреулері режиссер А. Әбілқасымовтың мультфильмінен біледі. 1979 жылы композитор Жолдыбай Дәстенов бұл сюжет бойынша бірінші қазақ балалар операсын жазып, туынды 80-ші жылдары Алматыда Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында табысты көрсетілген.
Қазіргі заманғы қойылымға Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі (дирижері Ернар Нұртазин), камералық хоры және филармонияның классикалық вокал бөлімінің солистері қатысады.
Жас әртістердің орындауындағы келесі қойылым В. Дашкевичтің Астрид Лингреннің «Пеппи ұзын шұлық» ертегісінің желісі бойынша жазылған «Пеппи» мюзиклі болмақ.
Айша КЕРЕЙ