19 Мамыр 2016, 05:08
Көрменің мақсаты – Санкт-Петербургке және қаланың көрікті жерлеріне, сондай-ақ, бірегейтарихи-көркемдік кешен – төрт собор музейі: Исаакий соборы, Христостың қайта арылу ғибадатханасы («Спас на крови»), Смольный соборы, Сампсониев соборларына деген жас фотосуретшілердің өзіндік көзқарасын көрсету. Осы жобаның барысында қала тұрғындары мен қонақтары Санкт-Петербургті жаңа қырынан танып, қаланың заманауи тынысын және классикалық дәстүрлер көркемдігіне бай өмір ырғағымен танысады.
Көрменің ашылу рәсімінде Санкт-Петербургтің атақты хор ұжымдарының бірі Санкт-Петербург Концерттік хоры (Смольный соборының камерлік хоры) өз өнерлерін көрсетеді. Хор 1991 жылы құрылған болатын. Санкт-Петербург Концерттік хорының вокалдық орындау мәнерінде еуропалық жеңіл дауыс ырғағы мен нағыз орыс халқына тән дауыс тембрі әдемі үйлесім тапқан.
Алмас САУДАНБАЙ