Елордада құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

20 Маусым 2022, 20:32 1788

Елорданың Есіл ауданына қарасты Қорғалжың тас жолы бойындағы өртті сөндіру жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт шыққаны туралы хабарлама 101 пультіне сағат 15:03-те түскен.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер құрғаш шөп пен қамыстың жанып жатқанын анықтады. Өрт шарпыған аудан алдын ала болжамға сәйкес бір гектарды құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамның 25 маманы, 6 өрт сөндіру машинасы және жергілікті атқарушы органның 4 су шашатын техикасы мен бір тракторы жұмылдырылған. Сағат 17:31-де өрт жартылай сөндірілді. Оттың Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне, құрылыс нысандарына таралуы қаупі жоқ», - деп атап өтеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Бөлісу: