Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы артты – Көлгінов

1 Шілде 2022, 21:52 1353

Елді мекендер жоспарлы түрде дамып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау кезінде 70 адаммен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды Еl.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтарды жеке қабылдау барысында 2 апта ішінде тағы 70 отбасымен кездестім, онда 150-ден астам проблема көтерілді. Сол сияқты азаматтарды қабылдау кезінде қала тұрғындары түрлі жобаларды ұсынатыны, оның ішінде әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы ұсыныстары қуантады. Келіп түскен сұрақтар бойынша жұмыс жүріп жатыр», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол Президенттің тапсырмасы бойынша елордада әлеуметтік нысандар (тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар) құрылысы артқанын айтты.

«Көтерілген проблемаларды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада әлеуметтік нысандар (тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар) құрылысы артты, елді мекендер жоспарлы түрде дамып келеді, қаланы газдандыру жұмысы жүріп жатыр, жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз, жолдар/көпірлер саламыз және т.б.», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Бөлісу: