Елордада зорлық-зомбылыққа қарсы Орталық Азиядағы кеңейтілген диалог өтуде

25 Қараша 2022, 10:40 1570

Бүгінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жаһандық мәселе болып отыр

Астана қаласында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық акциясының басталуы шеңберінде зорлық-зомбылықпен күрес бойынша Орталық Азиядағы кеңейтілген диалог өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының депутаттары онлайн және оффлайн қатысуда.

Бүгінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жаһандық мәселе болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі әйелдердің 35%-ы жыныстық зорлық-зомбылықтың және серіктессіз жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болуда. Әлемде әйелдердің 7% - ы серіктестен басқа біреудің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырайды. Ал әйел затын өлтірудің 38% - на дейін жақын серіктес жасайды.

Шараның негізгі мақсаты – диалогтық кездесуге қатысушылардың адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, гендерлік теңсіздік, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың негізгі себептері және олармен күресу жолдары мәселелерін талқылау.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: