Елордада «Жыл волонтері» анықталды

6 Желтоқсан 2022, 23:16 1284

42 волонтер мен волонтерлік ұйым жеңімпаз атанды

Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды El.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

42 волонтер мен волонтерлік ұйымдар, соның ішінде Өзбекстандық волонтерлер жеңімпаз атанды.

Бүгінде елімізде волонтерлік сала өте қарқынды дамып келеді. Волонтерлік қызметке атсалысып жүрген азаматтар мен ұйымдар санының тұрақты өсуі қалыпты жағдайға айналды. Волонтерлердің қатысуымен іске асырылатын бағдарламалар мен жобалардың ауқымы кеңеюде, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, волонтерлік ұйымдардың саны соңғы екі жылда 224-ден 700-ге, белсенді волонтерлер саны 50 мың адамнан 200 мың адамға артқан.

Саладағы бірқатар стратегиялық құжаттардың қабылдануы мен тиісті заңнамаға енгізілген өзгерістер – елдегі волонтерлік саланы дамытуда тың серпін береді.

Министр БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Мемлекет басшысының Еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын бекіту туралы айтылған бастамасын ілгерілету бойынша Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: