Елордада жыл басынан бері 2 мыңнан аса интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

5 Шілде, 16:31 642

Қазіргі уақытта телефонға белгісіз адамдар хабарласып, күмәнді сілтеме тарататын жағдайлар көбейді. Мұндай күмәнді іс-әрекеттің артында алаяқтар тұрғанын бірі білсе, бірі білмейді. Адамдарды арбауына түсіріп, күн сайын түрлі жоспарды жүзеге асырып жүрген алаяқтардан қорғану жолдарын Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, аға лейтенант Айдар Қонысбек айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың басынан бері елорда аумағында 2000 астам интернет - алаяқтық тіркелді. Оның ішінде 466 іс ашылды. Біздің азаматтарға келтірілген залал 1млрд (жеті жүз) миллион теңгеден асады. Біздің елімізде цифрландыру жаппай сипат алуда. Мәмілелер, ақша қаражаттарын сатып алу, аудару, мемлекеттік қызметтерді алу және тағы басқа қашықтықтан, жеке қатысудың қажеттілігінсіз жасалғаны, алаяқтар үшін қолайлы жағдайлар тудырады. Интернеттегі алаяқтықтың алдын-алудың алғашқы және маңызды қадамы-хабардарлық. Интернеттегі күдікті сұрауларға, сілтемелер мен ұсыныстарға мұқият болу керек, сонымен қатар қиын парольдер мен қауіпсіз қосылымдарды пайдалану керек, - дейді Айдар Қонысбек.

Осы орайда полиция қызметкерінен алаяқтардың негізгі схемалары туралы сұрап білдік.

Ең алдымен, жасанды интелектті пайдалану арқылы банктердің қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар – онда аудио немесе бейне арқылы диалог құру кезінде, олар өздерінің дауыстары мен бет-әлпеттерін ауыстырып, полиция немесе ұлттық банк қызметкері, танысы немесе туысқаны ретінде хабарласады. Олар сіздерді күмәнді банктік операциялар  немесе алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізіліп жатыр деп алдайды.

Полиция тұрғындарды құқық бұзушыларды құрықтау кезінде телефон немесе бейне байланыс арқылы тартпайды.

Екіншісі, әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларда тауарлар мен қызметтерді сату – бұл түр әртүрлі тауарлар мен қызметтерді қиялмен сатуды қарастырады. Олар кез-келген жолмен ақша қаражатын алдын-ала төлем ретінде аударуды сұрайды. Егер сіз өнімді өз көзіңізбен көрмесеңіз, мұндай сатып алулардан бас тартқан дұрыс, әйтпесе сіз өз қаржыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін; Үшіншісі, фишингтік сайттарды пайдалану – алаяқтықтың бұл түрі дербес деректер мен банктік мәліметтерді жинауға бағытталған. Мұндай сайттар нақты сайттардан айырмашылығы аз болады. Мысалы, сіз сайттардың бірінде хабарландыру жарияладыңыз және сізге бұрын таныс емес адам хабарласып, жеткізу қызметін пайдалануды сұрайды. Содан кейін ол рәсімдеу үшін сілтемені жібереді. Сілтемені басу арқылы сіздің деректеріңізді, яғни аты-жөніңізді, туған жылыңызды, банк картасының нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVV кодын енгізу сұралады. Осы деректер толтырылғаннан кейін сіздің банк картаңыздан ақша қаражатын есептен шығару басталады, - дейді ол.

Келесісі - криптовалютаға, бағалы қағаздарға және тағы басқа инвестициялау.

Мысалы, әлеуметтік желілерде сіз акцияларды немесе криптовалюталарды сатып алу және сату арқылы ақша табу ұсынатын жарнаманы көрдіңіз және өз деректеріңізді қалдырдыңыз. Сізбен, Ұлттық компанияның немесе брокерлерге қызмет көрсететін басқа ұйымның қызметкері ретінде алаяқтар хабарласады. Олар тиімді ұсыныстар туралы айтып, ақша салуға көндіреді, басында аз мөлшерде ақша салуын айтады. Бірнеше күннен кейін олар тапқан пайдасымен салынған ақшаны қайтарады. Осыдан кейін олар елеулі сомадағы ақшаны салуды сұрайды. Алаяқтардың айла-амалдарына тап болғандардың көпшілігі "зиянкестер сенімді, сенімді әрекет етеді және олардың арсеналында сіз тіркеуден өткен жақсы дамыған интернет-сайттары бар және жеке кабинетте жинақтарыңыздың өсуін бақылап отырасыз" - дейді, бірақ мұның бәрі жалған, - дейді Айдар Қонысбек.

Одан кейін өте көп таралған, кеңінен қолданылатын тәсіл - What'sApp мессенджеріне заңсыз қол жеткізу.

Алаяқтар зиянды сілтемені пайдаланып, көрсетілген сілтеме арқылы өткеннен кейін олардың What'sApp жеке жазбасына қол жеткізеді. Осыған байланысты, біз азаматтарды, мысалы,  ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде таратылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеу керегін ескертеміз, - дейді ПД өкілі.

Ал әлдебіреу сіздің мессенджеріңізге кірген болса, бірден қауіпсіздік қызметіне жүгінген дұрыс.

Егер сіз күдікті сілтеме арқылы кездейсоқ өтіп кетсеңіз, What'sApp жазбаңызға кіріп "Баптаулар" қолданбасына өтіп, "Құрылғы байланыстыру" батырмасына өту арқылы тексере аласыз. Егер осы қойындыда белгісіз құрылғы көрсетілсе, дереу осы сессиядан шығыңыз. Ең дұрысы, есептік жазбаңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы растау батырмасын қосыңыз. Сондай-ақ, егер сіз осындай түрдегі таныстарыңыздан ақша қаражатын қарызға алуды сұрайтын хабарлама алсаңыз, оны жібермес бұрын досыңызға қоңырау шалып, ақшаның қажеттілігіне көз жеткізуіңіз керек. Қорытындылай келе, тағы да атап өткім келеді, интернет–сайттарда тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде аса сақ болыңыз, жеке және банктік мәліметтердің құпиялылығын сақтаңыз, қиын құпия сөз қолданыңыз және мүмкіндігінше екі факторлы аутентификацияны қосыңыз, белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз және әр операцияны тексеріңіз, - дейді маман.

Елорда тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласы полиция департаменті мен әкімдік қызметкерлері бірлесе волонтерлік қозғалыстарды тарта отырып, тұрақты негізде іс-шаралар мен акциялар өткізеді.

Мысалы өткізілген іс шаралар:

- интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау туралы түсіндірмелері бар буклеттер мен жадынамалар тарату бойынша акциялар ;

- жерге трафарет салу (жаяу жүргіншілер, адамдар көп жиналатын орындар, банкоматтардың алдында және т. б.);

- оқу, медициналық мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда дәрістер өткізу;

 - СОО (сауда ойын-сауық орталықтарында), СҮ (сауда үйлерінде), базарларда, супермаркеттерде аудио тарату;

-  қалалық автобустарда аудио-бейнероликтер көрсетіледі;

- әлеуметтік желілерде профилактикалық сипаттағы материалдар таратылуда;

- БАҚ (бұқара ақпаратық құралдарында), радио арналар мен теле арналарда интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерін кеңінен жариялайтын аудиорөліктер жүргізіледі;

- мессенджерлерде елорда тұрғындары мен қонақтары арасында осьтің үй чаттары бойынша жаппай тарату жүзеге асырылады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: