Елордада журналистерге арналған құқықтық курс басталды

2 Желтоқсан 2022, 13:34 1172

Курс төрт күн бойы жалғасады

Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Курс төрт күнге созылады. Атап айтқанда 2, 5, 7 және 9 желтоқсан күндері М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің оқытушыларымен бірге өтеді. Курста құқықтық журналистиканың негізгі бағыттары, журналистика қағидалары туралы заманауи идеялар, этнопсихологияның бұқаралық ақпарат құралдарындағы рөлі және басқа да өзекті мәселелері туралы тақыптар қамтылады. Әр күнгі курс 2 сағатқа созылады.

Курстың алғашқы күнінде журналист, КАЗГЮУ университетінің оқытушысы Алма Сайлауқызы өткізді.

Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Миражан Махан
Бөлісу: