Елордада жұмысшы мамандар марапатталды

2 Наурыз, 02:17 565

Алғыс айту күніне орай Байқоңыр ауданында жұмысшы мамандарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, мерекелік шара К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды студенттерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында түрлі сала өкілдері құрметті сыйлықтармен марапатталды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында көрермендерге мерекелік ерекше қойылымдар ұсынылды, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар, шара қонақтарына заманауи әндер мен билер, сондай-ақ аспаптық ансамбльдің музыкалары ұсынылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: