Елордада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті

18 Желтоқсан 2022, 15:45 4878

Турнир бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы жеңіл атлетиканың 15 түрі кірді

Турнирдің ашылу салтанаты 17-желтоқсан күні «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жарысты ресми түрде даңқты спортшы Әмин Елемесұлы Тұяқов, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев және ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек ашты.

Турнир бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы жеңіл атлетиканың 15 түрі кірді. Сонымен қатар, жарысқа ардагерлер арасында 800 метрге жүгіруде «Masters» санатындағы спортшылар жарысы және 60 метр қашықтықтағы балалар арасындағы жарыс және 4 x 200метр Mix эстафетасы енгізілді.

Біліктілік көрсетуде алға шыққан спортшылар жарыстың финалында өнер көрсетіп өзара мықтыны анықтады. Жүлдегерлерге медаль, дипломдармен қатар ақшалай сыйлықтар табысталды.

Биылғы турнирге Қырғызстан, Тәжікстан, Гонконг және Қазақстан спортшылары қатысқан болатын. Осы орайда ерекше көзге түскен Гонконг құрамасының қорытынды көрсеткіштерін ерекше атап өтуге болады.

Айта кетейік Әмин Тұяқов жүлделеріне арналған турнир 2022-2023 жылғы қысқы маусымды ашты, және Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық деңгейде өтіп жатқан алғашқы жарыстардың бірі болып табылады.

EL.KZ
Бөлісу: