Елордада жасөспірімдер тұрғын үйдің ауласында төбелес шығарды

17 Тамыз 2023, 01:13 1025

Елордада жасөспірімдер тұрғын үйдің ауласында төбелес шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, іске ересектер араласқан, бірақ оның арты дауға айналған.

15 тамызда «102» арнасына тұрғын үй ауласында төбелес болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері тұрғындардың аулада қатты шу шығарған жасөспірімдерге ескерту жасағанын анықтады. Анықталғандай, шудың арты жанжалға айналған. Барлық қатысушы полиция бөліміне жеткізілді, - делінген елорда полициясының ресми ақпаратында.

Қалалық полиция ұсынған ресми дерекке сәйкес, әкімшілік іс жүргізу шеңберінде тексеру жүріп жатыр.

Оның нәтижесі бойынша айыптыларға қатысты тиісті шаралар қабылданады, - дейді департаменттен.

Берік Арманов
Бөлісу: