Елордада заманауи музыка фестивалі өтті

10 Желтоқсан 2022, 01:25 1256

Музыкалық іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр

Бүгін Астанада алғаш рет қазақстандық заманауи музыка фестивалі — ((beu fest)) өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Барыс Арена» сахнасында ТМД бойынша танымал орындаушылармен қатар, жаңа есімдер де шықты.

Олардың қатарында ((beu fest)) сахнасында алғаш  рет pop және r&b-сахнаның жарқын екі өкілі - Ayau және Liili бар.

Ayau – M’Dee-дің «Закрытый клуб» лейбілінің алғашқы және әзірге жалғыз резиденті. Әнші қыркүйекте «sensiz» синглімен дебют жасаған еді. Алайд, танымалдылығы «sybyrlaiyn» туындысының арқасында артты. Туынды Apple Music - TOP100: Kazakhstan чартында бір ай бойы көш бастады.

Liili – автор және r&b-орындаушы. Күзде «Hot» туындысымен танылған. Бұл ән Instagram желісінде хитке айналды - туынды негізінде 476 мың Reels түсірілген. Ал, Spotify-да ән үш миллионнан көп рет тыңдалған.

Әрине, лайнапта көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген хитмейкерлер де бар: Jah Khalib, Ирина Кайратовна, Aro, Zheka Fatbelly, abdr., Мархаба Саби, Darkhan Juzz, Raim, VSHV Prince пен Akha.

Фестивальді Quryltai шығармашылық бірлестігінің өкілдері Dj Kresh пен Dj Noorboogie ашты.  

Бұған дейін отандық заманауи музыка фестивалі өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: