Елордадағы Мәңгілік ел даңғылы жабылады

13 Шілде 2022, 12:43 1280

Достық пен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің арасында көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады

13-22 шілде аралығында Мәңгілік ел даңғылы бойында жол қабатын жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды El.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары кезінде № 15, 15А, 19, 35, 70, 43, 46, 61, 21 және 32 автобустар уақытша Түркістан көшесімен жүреді.

Көлік құралдарының қозғалысы ішінара, яғни Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін Мәңгілік ел даңғылымен, сондай-ақ Конституциялық кеңес жақтан Алматы көшесіне дейін бір бағытта ғана кварталішілік жолмен ұйымдастырылады.

«Қауіпсіздік үшін және көлік кептелісін туындатпау мақсатында жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде өте мұқият болу және бағытты алдын ала жоспарлау сұралады», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.


Бөлісу: