Елордадағы ерекше жексенбі

22 Ақпан 2016, 11:46

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қыс өрнегі» фестивалі өтті.

 Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қыс өрнегі» фестивалі өтті.  Демалысқа орайластырылып  өткізілген шараға 3500-ге жуық адам қатысты.  Қала тұрғындары Есіл өзенінде жиылып түрлі спорттық сайыстарда бақ сынасты.

Таза ауа. Көтеріңкі көңіл-күй. Тартысты бәсеке.  Спорттың ерекше түрлерін тамашалауға ұйқысын қиып мың жарым Астаналық келді.

Шараны ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық Олимпиалық Комитеті, Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы.

Фестивальға қатысушылар спорттың он түрінен сайысқа түсті. Атап айтсақ: Шаңғымен жарыс, белбеумен күрес, балық аулау, кір тастарын көтеру, қол күрес, бұқа тартыс, арқан тартыс,  шайбалы хоккей, мини футбол, мотокросс.

Шараның мақсаты айқын.

-          Жастар мен ересек адамдарды тұрақты түрде спортпен айналысуға шақыру;

-         Жас таланттарды анықтау;

-         Салауатты өмір салтын насихаттау;

-         Қысқы спорт түрлерін насихаттау;

Спорттық шара Елордада 2000-шы жылы бастау алған болатын.  Бірте-бірте фестиваль дамып, көптеген спортшылар асыға күтетін деңгейге жетті.  Шараға кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да қатысты. Жанұясымен келіп шаңғы тепкен үлгілі отбасылар да болды.

Жарысқа қатысушылардың басым көпшілігі оқушылар. Олар өз арасында мықтыларын анықтады. Демалыстарын көңілді өткізді.  

Көрермендердің басты назары мотокросс жарысында болды. Биыл алғашқы рет өткізіліп отырған жарысқа жақын өңірлерден 60 мотоцикл жүргізушілері қатысты.  Экстремалды спорт түріне жататын мотокросс сайысы есіл өзенінің үстінде өтті.   

Мотокростың тарихы сонау 1908 жылдан бастау алады. Мұз үстімен қозғалу үшін мотоциклдың  дөңгелектеріне темір шегелер орнатылып, тежегіштерін қысқа бейімдейді. Ақтық сайыс мотоциклдердің күшіне қарай үшке бөлінді. Тартысты бәсекеде орын алғандар:

Класс 65 см3:                            Урал 750:                                                    

1 орын: Манчур Станислав                1 орын: Акылбеков Айбек                                                     

2 орын: Руди Даниил                          2 орын: Дунюшлин Николай                                                  

3 орын: Олжабаев Кайрат                  3 орын: Кучеренко                          

«Жалпы фестиваль Астана қаласы тұрғындарына оң әсерін тигізуде. Әр жыл сайын  бұл шараға қатысушылар санының асып келе жатқанын байқауға болады. Әсіресе оқушылар арасында спортқа ден қойғандар қатары өте көп», - дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль соңында жеңімпаздарды генерал лейтенант Абай Тасболатов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев арнайы келді. Осымен 16-шы жыл өткізіліп келе жатқан спорттық шара болашақта бұдан да үлкен ауқымда жалғасын таппақ.    


Рүстем ӘЛПИ 

Бөлісу: