Елордадағы Достық үйінде қайырымдылықты ұйымдастыру орталығы ашылады

23 Сәуір 2019, 00:00 1795

24 сәуір күні 16:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде астаналық Қазақстан халқы ассамблеясының «Парасат» қайырымдылық орталығының ашылу салтанаты өтеді.

«Парасат» қайырымдылық орталығын құрудағы мақсат – елордамыздың қайырымдылық қызметін үйлестіру.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени және жастар бірлестіктерінің жетекшілері, ҚХА Меценаттар клубының мүшелері және астаналық қайырымдылық қорлардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бөлісу: