Елордада «Үздік жас отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

5 Қазан 2023, 15:10 1030

Астанада жас отбасылар арасындағы «Үздік жас отбасы» байқауы өтіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оған қатысуға 50-ден астам  отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес олардың ішінен 10 отбасы іріктеліп алынды. Солардың бірі – астаналық Тырнақановтар отбасы. 

Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Бұл отбасындағы құндылықтарды көпшілікке көрсетуді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің сыйластығы, махаббатының беріктігін көрсететін байқау деп ойлаймын. Мақсатымыз – көпшілікке өзімізді ең өнегелі әрі үлгілі отбасы екенімізді көрсету, - деді қатысушы Нұргүл Тырнақан.

Ал әділ қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында «Бәйтерек» тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры  Гүлнар Кулушева және т.б. бар.

Қазылар алқасы қатыушыларды 3 байқаудың қорытындысы бойынша анықтайды. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик көрсетіледі. «талантты отбасы» атты екінші кезеңде қатысушылар өнерін көрсетеді. Ал соңғы «Сөз тап» ойынында ер-зайыптылардың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек. 

Іс-шара барысында қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Олар:

• 1 орын (500 000 теңге) – Сәдуақас отбасы,
• 2 орын (350 000 теңге) – Садықовтар,
• 3 орын (250 000 теңге) – Кожахметовтер,

Сол сияқты 7 үздік отбасына 100 000 теңгеден табысталды. Олар: Нұрымбет, Арушаевтар, Исабай, Мерземхан, Есенжолов, Құлшар, Даулетовтер отбасы.

EL.KZ
Бөлісу: