Оқиға Байқоңыр ауданындағы С.Рахимов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бөлмедегі есік өздігінен құлыпқа жабылып қалып, балақайлар оны қайта аша алмай қалған. Мазасызданған ана 112 қызметіне хабарласқан.
ТЖМ құтқарушылары құрал-саймандар арқылы бөлмеаралық есікті ашып, балаларды босатты. Балалар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.