Елордада үш бала терезеден құлап кеткен: дәрігерлер үндеу жасады

6 Ақпан, 09:54 610

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері елордада 3 бала терезеден құлап кеткен. Осы мәселеге қатысты дәрігерлер астаналықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басында жансақтау бөліміне түрлі жарақат алған немесе сүйегі сынған 2 бала ауыр халде жеткізілді. Балалардың көбінесе омыртқа, қол-аяғы сынып, бас-сүйек, ми жарақатын алады. Ағзасы жарылып кетеді. Біз ересектерден балаларын үйде жалғыз қалдырмауын қатаң түрде талап етеміз, - деп ескертті Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Баймаханбет Сәдуов.

Аурухана мәліметінше, өткен жылы 63 бала терезеден құлап кеткен. Оның ішінде 33 бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, 4 бала қайтыс болған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: