Елордада түнгі автобус бағыттары іске қосылады

4 Маусым, 14:07 483

Астанада жаз маусымына байланысты түнде үш автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

№ 201, 202, 203 маршруттары түнгі бағдарлар бойынша қатынау үшін қатарға қосылады. 

Жаңа бағыттағы автобустар түнгі 00:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қатынайды.  

Аталған маршруттар шаһардың негізгі хабтары мен мөлтек аудандардың маңызды бөліктерін қамитыды деп жоспарланған.  

Ал, автобус бағдарларының нақты кестесі мен схемасы туралы ақпарат автобустар іске қосылар алдында нақтыланады.

 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: