Елордада «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалы өтті. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Былтыр турнир алғаш рет Қазақстанның 20 өңірінде бастау алып, 9 салмақ дәрежесінде 7 мыңға жуық қатысушы турникке тартылудан бақтарын сынады. Өңірлік іріктеу кезеңінде Тараз қаласының тұрғыны 50 рет тартылып рекорд орнатқан.
Бүгінде турнирге республика бойынша үздік деп танылған 10-51 жас аралығындағы 170 қатысушы қатысты.
Қатысушыларға қолдау көрсету үшін еліміздің белгілі спортшылары Серік Сәпиев пен Илья Ильин келді. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары мен танымал блогерлерде тартысты бәйгенің көзайымы болды.
Гранд-финалдың жеңімпаздары Street Workout бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанның атынан қатысады. Бұл әлемде алғаш рет тартылудан ұйымдастырылғалы жатқан Әлем чемпионаты.