Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үдерісіне тартуға арналған дөңгелек үстел өтеді

3 Сәуір 2019, 05:48 2367

4 сәуір күні астанадағы Достық үйінде «Астана адалдық алаңы» және азаматтық сектор. «Сенім. Серіктестік. Даму» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді. 

Аталмыш шара жұмысына елордалық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің мүшелері мен жастары, Қазақстан діни қызметінің өкілдері, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, Пәтер иелерінің кооперативі қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысады.

Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты – «Астана адалдық алаңы» жобасы туралы ақпараттандыру, азаматтарды тіршілік әрекетімен қамтамасыз етудегі мәселелерді айқындау, олардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін анықтау, сондай-ақ, Елордадағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үдерісіне тарту.  

Бөлісу: