Астанада зейнеткерлер арасында «Super әже-2023» сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Байқаудың жеңімпазы 76 жастағы 6 немеренің әжесі, 50 жылдық тәжірибесі бар мұғалім, ансамбль әншісі Күлпаш Қалқабекова болды.
Байқауға 63 жастан 76 жасқа дейінгі 10 зейнеткер қатысты. Олардың ішінде жоғары санатты мұғалімдер мен дәрігерлер, халық хорларының әншілері және республикалық еріктілер қозғалысының қатысушылары бар.
Әжелер визит карталары, таланттар мен аспаздық шеберлік байқауына, сондай-ақ дефиле шоуына қатысты. Таланттар байқауында қатысушылар халық билерімен, вокалдық нөмірлермен өнер көрсетіп, өздерінің авторлық өлеңдерін айтты.
3 кезеңнің қорытындысы бойынша Күлпаш Қалқабекова жеңімпаз болып таңдалды. Ол тәждің және 100 000 теңгелік жүлде сертификатының иегері атанды.
«Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға осындай байқау үшін көп рақмет. Мен оларға жеңімпазды таңдау қиын болғанын білемін. Біз бәріміз белсенді, көңілді адамбыз. Мысалы, мен қазір ансамбльде ән айтамын, би үйірмесіне барамын. Мен барлық ата-әжелерді үйде отырып қалмауға және жарқын өмір сүруге шақырамын», - деп Күлпаш Қалқабекова өз эмоцияларымен бөлісті.
«Мұндай байқаулар тек әжелерге ғана емес, жастарға да қажет. Оларға қарап, әжелер де қоғам өміріне белсенді түрде араласа алатынын және қатысқысы келетінін біледі. Бүгінгі қатысушылар зейнеткерлікке шыққан өзге жандар үшін үлгі болып саналады. Осы кісілерден үлгі алу керек», - деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушы Валентина Толмачева.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға түрлі номинациялар берілді. Олар: «Ең мейірімді әже», «Ең көңілді әже», «Ең шебер әже», «Ең тапқыр әже», «Ең ақылды әже», «Ең заманауи әже», «Ең білімпаз әже», «Ең бұлбұл әже», «Ең өнерлі әже».
Айта кетейік, «Super әже-2023» байқауы Астанада алғаш рет Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен өткізілді.