Елордада студенттік волонтерлікті дамыту мәселесі қаралды

Кеше, 04:35 474

Астанада студенттік волонтерлікті дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Тұран-Астана» университеті «Студенттердің волонтерлік қызметке қосатын үлесі, саладағы сын-тегеуріндер мен келешегі» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. 

Аталған іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында волонтерлік мәдениетті нығайту болып отыр. Кездесуде волонтерлікті студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, жастар арасында сұранысқа ие жобалар мен оларды дамыту тәсілдері, волонтерліктің кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпалы секілді мәселелер көтерді.

Студенттер білім беру платформаларын құрып, тәжірибелі волонтерлермен тұрақты кездесулер ұйымдастыруды және волонтерлікті насихаттау үшін әлеуметтік желілер мен цифрлық құралдарды белсенді пайдалануды ұсынды.

Дөңгелек үстел волонтерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға мүдделі студент жастарға арналған диалог алаңына айналды.

Асқар Таудай
Бөлісу: