Polisia.kz басылымы таратқан ақпарат бойынша, жолаушылардың бірінің барсеткасынан 48 құтыда өсімдік тектес есірткі заты табылды, ол «гашиш» болуы мүмкін. Заттың жалпы салмағы 47,10 грамм.
– Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалды. Қаруды заңсыз алып жүргені үшін күдіктілерге екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.