Елордада Рим папасының мессасы өтіп жатыр

14 Қыркүйек 2022, 16:58 2141

Бұл Рим папасы Францисктің Қазақстанға келген алғашқы сапары.

Елордада Рим папасы Францисктың мессасы басталды, деп хабарлайды El.kz.

Діни рәсім Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында жоспарланған маңызды іс-шараның бірі болып саналады. Рәсім барысында діни әндер айтылып, дұғалар оқылады.

Шара басында Рим папасы арнайы мессаға арналған папамобиль көлігімен жүріп өтті. Діни рәсім жасау үшін алдын ала 10 мың адамға дайындалған орын келушілерге толды.

Олардың арасында Қазақстаннан, Ресейден, Моңғолиядан және басқа елдерден келген дінге сенетін католиктер, сондай-ақ Рим папасы Францискты көріп, оның уағызын тыңдағысы келген басқа конфессиялардың өкілдері де бар.

Бұл Рим папасы Францисктің Қазақстанға келген алғашқы сапары. Бүған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен 2001 жылы Рим папасы Иоанн Павел ІІ Қазақстанға келіп, месса өткізген болатын.


Миражан Махан
Бөлісу: