Елордада қырғыз суретшілерінің үздік туындылары таныстырылды

27 Қазан 2022, 12:47 2566

Көрмеде 20-дан астам қырғыз суретшілерінің 52 суреті қойылған

Елордада Қырғызстанның мәдениет күндері аясында «Бастау» атты көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланыстарды дамыту және қырғыз өнерінің майталман шеберлерінің туындыларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Г. Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері музейі Қырғыз Республикасындағы қомақты көркем сурет жинағы бар жетекші музейлердің бірі» - деді «Қазақстан Республикасының ұлттық музейі» РМҚК директоры міндетін атқарушы Айбек Сыдықов. 

Көрмеде 20-дан астам қырғыз суретшілерінің 52 суреті қойылған. Олардың жанры көбінесе пейзаж және сюжеттік-тақырыптық туындылары да ұсынылды.

«Қырғызстанның Қазақстандағы мәдени апталығы осындай керемет музейде өтіп жатқаны қуантады. Бұл Орта Азиядағы ең үлкен, архитектурасы ерекше ғимараттардың бірі деп айтуға болады. Музейде қырғызлың ең үздік суретшілердің туындылары таныстырылды және олардың әрқайсысының өзіндік оқиғасы бар», - деді Қырғыз суретшілер одағының вице-президенті Талапбек Усубаев.

Іс-шараға белгілі қоғам  қайраткерлері, суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Миражан Махан
Бөлісу: