Елордада қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты басталды

16 Маусым 2023, 20:30 1070

Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионатының I-кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионатына 28 елден (Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Тайланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан)  300-ге жуық спортшы қатысуда.

Чемпионат «Жекпе-жек» (8 ерлер, 6 әйелдер және 2 абсолютті салмақ категориялары) және «Өзін-өзі қорғау» (11 ерлер, 5 әйелдер салмақ категориялары) түрлері бойынша өтіп жатыр. Дүбірлі дода 18 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 18 маусым күні  Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында әлем чемпионатының ашылуы мен финалдық кезеңдері өтеді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: