Елордада пара дзюдодан әлем чемпионатының жұлдегерлерін қарсы алды

14 Қараша 2022, 12:22 815

Баку қаласында көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара дзюдодан Әлем чемпионы атанған Ерғали Шамей мен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медальді сыйлаған Ақмарал Науатбекті, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Даяна Федосованы, Жанбота Аманжолды, Олжас Оразалыұлын жанкүйерлері мен ата-анасы әуежайдан үлкен қошеметпен күтіп алды, деп хабарлады El.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 алтын және 3 қола медаль иеленді. Ел намысын ұлттық құраманың 18 мүшесі қорғады. Соның бірі – елордалық Ақмарал Науатбек. Бұрымды спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарып, ел бойынша әйелдер арасында алғаш болып алтынға қол жеткізді.

 

 

Бөлісу: