Елордалық құтқарушылар 80 жастағы әжеге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, Сарыарқа ауданы М.Әуезов көшесі бойындағы пәтерлердің бірінде 1944 жылы туған қарт адам өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.