Астаналық Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен түні елорда жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек, - деп еске салды Астана Полиция департаменті.
Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.