Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Өндіріс көшесінің Бектау көшесінен бастап Ақбидай көшесіне дейінгі учаскесінде жол жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, осыған байланысты қозғалыс ағымдағы жылдың 13-20 мамыр аралығында толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.