Елордада қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мақсаттары талқыланады

25 Қыркүйек 2019, 16:26 2030614

26-27 қыркүйек аралығында Нұр-Султан қалаласында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мемлекеттік саясатын іске асырудағы азаматтық қоғам институттары» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтеді.

Семинар-тренинг жұмысына лекторлар мен тренерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының мамандары, отандық ғалымдар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Республикалық семинар-тренинг барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының шеңберінде айқындалған жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру бойынша міндеттердің мәнін ашып көрсету; «естуші мемлекет» тұжырымдамасының шеңберінде және әртүрлі «дағдарыстық жағдайларды» шешу кезінде билік органдары мен азаматтық қоғам арасында тиімді кері байланыс орнатудың тетіктері мен жолдары талқыланады.

Сонымен қатар қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін қарастыру; қоғамдық диалогты құру кезінде тиімді коммуникация принциптерін зерделеу: «сервистік мемлекет» адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару және ашықтық мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу қарастырылған.

Бөлісу: