Елордада неміс этномәдени бірлестігінің 30-жылдығы атап өтілді

1 Маусым 2019, 18:30 3885

1 маусым күні елорданың Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына арналған Неміс мәдениеті күні өтті.

 

Мерекелік іс-шара барысында Достық үйі алаңында Неміс мәдениеті күнінің ашылу салтанаты, бірлестік жұмысының таныстырылымы, неміс мәдениетіне арналған көрме, қолданбалы өнер мен аспаздық шеберлік бойынша шеберлік сыныптар, шығармашылық топтардың концерті мен музыкалық флешмобтар ұйымдастырылды.


Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келген Неміс мәдениеті күні өтетін мерекелік іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы балаларға арналған белсенді алаң: асфальттағы суреттер шеруі мен аттракциондық қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырды.

 

Мерекелік іс-шара қайырымдылық акцияларымен жалғасты. Жақында ашылған елорда Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылықты үйлестіру орталығы көпбалалы аналарға сыйлықтарын үйлестірді.

Бөлісу: