Елордада мешіттен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті

1 Қыркүйек 2023, 16:40 1141

Елордада мешіттен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысының 34 жастағы тумасын ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен қолға түсірді.

Аталған азамат тергеп тексеру барысында кешкі уақытта елордадағы мешіттердің бірінде Redmi 7 көк түсті телефонын жасырын ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын 80 мың теңгені құраған.

Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалып, заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: