Елордада медицина өкілдері әлеуетті донорды қадағалап-қарау хаттамаларын зерделеді

10 Желтоқсан 2023, 20:49 879

Астанада семинарда дәрігерлер "Адам өлімінің өлшемшарттары және мидың қайтымсыз өлімін диагностикалау әдістері" тақырыбында оқытудан өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі денсаулық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда әлеуетті донорды қадалап-қараудыбағалау әдістері мен клиникалық хаттамалары, сондай-ақ ми өлімінің этиологиясы мен патогенезін қоса алғанда, әлеуетті донорларды іріктеу үшін қосымша тексеру әдістері егжей-тегжейлі қаралды.

Оқытуды "ҚР ДСМ "Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың" директоры Сәуле Шайсұлтанова, директордың орынбасары Назгүл Жилгельдина , республикалық трансплантаттау үйлестірушісі, Денсаулық сақтау менеджері Лейла Исмағамбетова, "ҰҒОО" ЖШС трансплантолог дәрігері Мэлс Асықбаев, ҰҒОО реаниматолог дәрігері Мұрат Жұмабаев, хирург - трансплантолог дәрігер Сайыткәрім Әбдіғафаров жүргізді.

Қатысушылар адам өлімінің өлшемшарттарын, мидың қайтымсыз өлімін клиникалық және аспаптық диагностикалау әдістерін, қайтымсыз өлімді анықтау тәртібін және трансплантаттың жарамдылық өлшемшарттарын талқылады.

Семинар барысында тексеру, донорлық ағзаларды алып қоюдан бас тарту өлшемшарттары, сондай-ақ жалғастыру шарттары, ми өлген кезде ағзалардың функцияларын қолдау жөніндегі жасанды шараларды тоқтату мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, жасушалардың ишемиялық зақымдануының патогенезіне, донордың қарқынды терапиясының ұзақтығына, әлеуетті донорды  қадағалап-қарау алгоритміне және донордың мониторингіне назар аударылады. Сондай-ақ донорды этнопатогенетикалық кондиционерлеу,  өрескел патологиялық бұзылулардың орнын толтыру ретінде донордың қарқынды терапиясы және донордвң организміндегі  донорлық бүйректі фармакологиялық қорғаудың дәрілік заттарының жіктелуі мәселелері зерделенді.

Семинардың соңында  мидың өлімі анықталған донорлардан донорлық ағзаларды мультиағзалық алуды ұйымдастыру,  тәртібі мен құжаттарды ресімдеуді қоса алғанда,  донорлардан донорлық ағзалардарды мультиағзалық алу және консервациялау операциясының тәртібі қаралды.  Трансплантология бойынша оқытудың екінші циклін 40 дәрігер сәтті аяқтады.

Берік Арманов
Бөлісу: