Елордада крещение мерекесінде қайда суға түсуге болатыны анықталды

15 Қаңтар 2023, 04:07 857

Діни мерекенің рәсімі елордада 18-19 қаңтарда өтеді

Крещение мерекесіне орай Астанада суға түсуге арналған орындар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл Крещение мерекесінің рәсімі 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтеді.

Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің оң жағалауындағы, М. Өтемісова атындағы Оқушылар сарайы ауданында, «Гранд Алатау» ТК және сол жағалаудағы «Астана» саябағының жағалауында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің жанында) орнатылады.

Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар 2:00-ге дейін қолжетімді болады. Сондай-ақ жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 8:00-ден 20 қаңтар сағат 02:00-ге дейін жалғасады.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деп отыр. Рәсім күні шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді. 

EL.KZ
Бөлісу: