Елордада ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

9 Қыркүйек 2019, 16:31 1785

10 қыркүйекте сағат 16:00-де елордалық Достық үйінде «Жанұя» отбасын қолдау институты орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының және көпбалалы аналардың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында «Жанұя» отбасын қолдау институты орталығының әлеуметтік жобасы таныстырылады. Сонымен бірге, жетім балаларға арналған интернат-үйімен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері және ҚХА Аналар кеңесінің биылғы жұмысы туралы баяндалады деп жоспарлануда.

Бөлісу: