Елордада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкенінің қызметкері құрықталды

4 Қыркүйек 2023, 17:34 949

Елордада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкенінің қызметкері құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияның мәліметінше, “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі “курьерін” анықтады.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған азаматтың құпия орындарға синтетикалық есірткі жасырып, оны таратумен айналысқаны анықталды.

Осылайша психоактивті заттарды сатпақ болған интернет-дүкеннің 32 жастағы қызметкері анықталып, одан жеке тінту кезінде сатуға дайын 21 бума мефедрон есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Hyundai Accent автокөлігін тінту кезінде тағыда екі полиэтилен байламы тәркіленген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: