Елордада ер адамды тонаған күдіктi ұсталды

11 Наурыз 2023, 15:05 1025

Шабуыл сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Астанада ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

102 арнасына 26 жастағы азаматтан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз жігіттердің оны ұрып-соғып, Redmi ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жас жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Қасүнемдер қазір қамауда.

Ұялы телефон тәркіленді, қаскүнемдер оны кепілге қалдырып, сатып жіберген.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: